Астана қаласында «Жетісу – кітап керуені» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Жетісу облысының әдеби-мәдени құндылықтарын дәріптеу мақсатында 2006 жылдан бастап облыс әкімінің қолдауымен жарыққа шыққан ақын-жазушылар, композиторлар мен суретшілердің 500 дана кітаптарын сыйға тарту мәдени іс-шарасы өтті.
Мәдени іс-шараны Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы Сүлейменов ашып, Астана оқырмандары үшін 500 дана кітапты Ұлттық академиялық кітапханасына сыйға тарту етті.
Сондай ақ шара барысында 2023 жылы Жетісу облысы әкімінің қолдауымен жарыққа шыққан жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жанат Елшібек пен журналист, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қадыр Әлімқұловтың кітаптарының тұсауы кесілді.
Әдебиет сүйер қауым үшін шарада сөз алған: журналист, қоғам қайраткері Камал Әбдірахманов, опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат...
|